Түркістан облысы, Созақ ауданы,
Көктөбе елді мекені, «Суындық» жалпы
білім беретін мектебінің директоры
Мұсаев Нұрлан Сұлтанұлы
Өмірбаяны
Мұсаев Нұрлан Сұлтанұлы 1965 жылы 29 қазанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы, Созақауданы, Созақ ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы бұрынғы В.И.Ленин атындағы (қазіргі Созақ мектеп гимназиясы) орта мектепке 1973 жылы 1-сыныпқа қабылданып, 1983 жылы осы аталған мектепті үздік бітіріп шыққан. Жоғары білімді. 1983 жылы Целиноград қаласындағы ауылшаруашылық институтының агрономия мамандығына түсіп, оны 1990 жылы бітіріп шыққан, ал 1998 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих пәні мұғалімі мамандығына түсіп, 2001 жылы бітірген. 1984-1986 жыл аралығында әскер қатарында болған. Лейтенат шені бар.
Еңбек жолын 1990 жылы Алматы облысы, Талғар қаласындағы ауылшаруашылық техникумында оқытушы болып бастаған. 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Көктөбе елді мекеніндегі «Суындық» орта мектебіне аға тәлімгер болып жұмысқа орналасқан. 1995 жылдан осы мектепте мұғалім, ал 1997 жылдан бастап, 2010 жылға дейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың 5-қазанынан бастап «Суындық» жалпы орта мектебінің директоры болып қызмет істеп келеді.
Осы уақыт аралығында Мұсаев Нұрлан Сұлтанұлы мектеп директоры ретінде өзінің іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетімен көріне білді. Өз мамандығы мен қызметі бойынша тәжірибелі маман. Өз білімін жетілдіруде біліктілікті арттыру курстарынан үнемі өтіп отырады. Педагогикалық шеберлік орталығынан мектеп басшысы деңгейлік және мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент біліктілік курсынан өткен. Ол өзінің теориялық және практикалық білімін жан-жақты арттырумен қатар, аудан, облыс көлеміндегі атқарылып жүрген түрлі мәдени іс-шараларға атсалысып отырады.
Ұжымдық қарым-қатынаста сыйлы, сыпайы, қарапайым, көпшілікпен тез тіл табыса алады.
Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда, білім мен тәрбиенің жан-жақты дамуына өзінің үлесін қосып келеді.
Мектеп қажетті кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Мектептегі мұғалімдердің уақытылы білімдерін жетілдіріп отыруына тұрақты көңіл аударылады. Педагогтар мен оқушылар аудандық, облыстық түрлі олимпиадаларға, жарыстарға, байқауларға қатысып жүлделі орындардан көрініп келеді.
Мұсаев Нұрлан Сұлтанұлы мектеп директоры қызметін атқарғалы бері ауданның білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен шығармашылық ізденістері үшін Білім және ғылым министрлігінің, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, облыстық білім департаментінің, аудандық білім бөлімінің кұрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталған.
Жанұялы. Екі қыз, үш ұл тәрбиелеп отыр.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Нұрлан ағай мектеп жарғысы |